Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 02.10.2017 № 13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 01-24-387 ұсынысы негізінде Еркіншілік ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің 1 бөлімшесінде ірі қара малдың құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еркіншілік ауылдық округі әкімі |
Ж.Амангелдинов |