Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 4899 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 02.10.2017 № 13 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 01-24-387 ұсынысы негізінде Еркіншілік ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің 1 бөлімшесінде ірі қара малдың құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еркіншілік ауылдық
округі әкімі
Ж.Амангелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады