"Есіл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 46/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қарашада № 5095 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 49/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 49/3 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына, "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Есіл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы, аудандық
мәслихат хатшысы
С.Құдабаев

  Есіл аудандық мәслихатының
2015 жылғы 12 қарашадағы
№ 46/3 шешімімен
бекітілген

"Есіл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
Әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Есіл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудандық мәслихат аппараты) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және "Есіл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);
      3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін, Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны Есіл аудандық мәслихатының хатшысы құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып аудандық мәслихат аппаратының басшысы табылады.
      Комиссия хатшысы лауазымдық міндетіне аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметін жүргізу кіретін мемлекеттік қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Комиссия хатшысы бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын береді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын Комиссия хатшысынан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Комиссия хатшысына қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Комиссия хатшысы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысына жіберіледі.
      16. Комиссия хатшысы осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Комиссия хатшысы қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді: а = b + c
      а – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      с – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес, бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Комиссия хатшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда Комиссия хатшысы қате жіберсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Комиссия хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Комиссия хатшысында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  "Есіл аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалаудың
үлгілік Әдістемесіне
1-қосымша

      Тікелей басшының бағалау парағы
      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: ______________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Бағасы (балдар)
1.
Бастамшылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ке дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 

      

Таныстым:
Қызметші (Тегі, аты, әкесінің аты)
Күні _____________________________
Қолы______________________________
Тікелей басшы:
(Тегі, аты, әкесінің аты):
Күні __________________________
Қолы _________________________

  "Есіл аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалаудың
үлгілік Әдістемесіне
2-қосымша

      Айналмалы бағалау парағы
      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: ______________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Бағасы (балдар)
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Жұмысқа ынталандыру қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 
Әріптесі
1.
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 

  "Есіл аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалаудың
үлгілік Әдістемесіне
3-қосымша

      Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
      ___________________________________________________
      (мемлекеттік орган атауы)

№ р/н
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Комиссия қорытындысы:
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _________________________ Күні: ______________
      (Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
      Комиссия төрағасы: ________________________ Күні: ______________
      (Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
      Комиссия мүшесі: __________________________ Күні: _______________
      (Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
      Комиссия мүшесі: __________________________ Күні: _______________
      (Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
      Комиссия мүшесі: __________________________ Күні: _______________
      (Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
      Комиссия мүшесі: __________________________ Күні: _______________
      (Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Есильского районного маслихата"

Решение Есильского районного маслихата Акмолинской области от 12 ноября 2015 года № 46/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 ноября 2015 года № 5095. Утратило силу решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 15 января 2016 года № 49/3

      Сноска. Утратило силу решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 15.01.2016 № 49/3 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", Законами Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Есильский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Есильского районного маслихата".
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Председатель сессии,
      секретарь
      районного маслихата С.Кудабаев

  Утверждена решением
Есильского районного маслихата
от 12 ноября 2015 года № 46/3

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Есильского районного маслихата"
1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее - Методика) государственного учреждения "Аппарат Есильского районного маслихата" (далее – аппарат районного маслихата) разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", в соответствии с Типовой методикой ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Есильского районного маслихата" (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается секретарем Есильского районного маслихата.
      9. Комиссия состоит из пяти членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата районного маслихата.
      Секретарем Комиссии является государственный служащий, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы аппарата районного маслихата. Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Секретарь Комиссии формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Секретарь Комиссии уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до ее проведения и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от секретаря Комиссии, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист секретарю Комиссии в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае секретарем Комиссии и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется секретарем Комиссии не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются секретарю Комиссии в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Секретарь Комиссии осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется секретарем Комиссии не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по формуле a = b + c, где:
      a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Секретарь Комиссии обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Секретарь Комиссии предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки секретарем Комиссии при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Секретарь Комиссии ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае секретарем Комиссии в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся у секретаря Комиссии.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

  Приложение 1 к Методике ежегодной
оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
государственного учреждения "Аппарат
Есильского районного маслихата"

      Оценочный лист непосредственного руководителя
      Фамилия, имя, отчество оцениваемого служащего: ______________________
      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 

      

Ознакомлен(а):
Служащий (Фамилия, имя, отчество):
__________________________________
Дата _____________________________
Подпись __________________________
Непосредственный руководитель
(Фамилия, имя, отчество):
_____________________________
Дата ________________________
Подпись _____________________

  Приложение 2 к Методике ежегодной
оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
государственного учреждения "Аппарат
Есильского районного маслихата"

      Лист круговой оценки
      Фамилия, имя, отчество оцениваемого служащего:_______________________
      Должность оцениваемого служащего:____________________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 

  Приложение 3 к Методике ежегодной
оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
государственного учреждения "Аппарат
Есильского районного маслихата"

      Протокол заседания Комиссии по оценке
      _____________________________________________________________
      (наименование государственного органа)

№ п/п
Фамилия, имя, отчество служащего
Оценка непосредственного руководителя
Круговая оценка
Итоговая оценка
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Заключение Комиссии:
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии: _________________________ Дата: _____________
       (Фамилия, имя, отчество, подпись)
      Председатель Комиссии: ______________________ Дата: _____________
       (Фамилия, имя, отчество, подпись)
      Член Комиссии: ______________________________ Дата: _____________
       (Фамилия, имя, отчество, подпись)
      Член Комиссии: ______________________________ Дата: _____________
       (Фамилия, имя, отчество, подпись)
      Член Комиссии: ______________________________ Дата: _____________
       (Фамилия, имя, отчество, подпись)
      Член Комиссии: ______________________________ Дата: _____________
       (Фамилия, имя, отчество, подпись)