«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына, сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
«Есіл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қарашадағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5095 тіркелген, 2015 жылғы 14 желтоқсанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешімнің көшірмесі Ақмола облыстық Әділет департаментіне жіберілсін.
3. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Б.Мұхаметжанов
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев