Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 24.12.2018 № 6С-33/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
В.Виничук |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімі |
А.Үйсімбаев |
30.03.2015
Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/5 шешіміне қосымша |
Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жарқайың ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/4 (ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Қажетті құжаттар тізбесі Стандарттың 2 бөлімінің 9 тармағымен анықталады.
4. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) келесілерді қоспағанда, тоқсан сайын тағайындалады:
жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беретін отбасыларды (азаматтарды);
отбасылардың (азаматтардың) еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, мерзімді әскери қызмет етпейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген (3 жасқа дейінгі балаларға және медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж тұлғаларға күтімді жүзеге асыратын азаматтардан басқалары);
Заңсыз тұрғын үй көмегінің тағайындалуына әкеліп соғатын әдейі жалған немесе толық емес мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда - сот арқылы қайтарады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 16.05.2018 № 6С-23/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. Тұрғын үй көмегі төлемдерін қаржыландыру тиісті қаржылық жылға қарастырылған аудан бюджетінің қаражаты мөлшерінде жүзеге асырылады.
7. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін, тұрғын үй көмегін алушының жеке өтініші бойынша, өкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді көрсетушілердің, кондоминиум объектілерінің басқару органдарының шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган болып "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi айқындалды.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
9. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептеледі.
10. Жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын алғанда отбасының (азаматтың) белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысының 11 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
11. Тұрғын үй көмегі осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың нормалары мен шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
12. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр болып қабылданады. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы жалғыз тұратын азаматтар үшін отыз шаршы метр көлемінде белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.
13. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін электр қуатының шығын нормасы бір адамға айына 75 киловатт болып қабылданады.
14. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар деректі шығындар бойынша анықталады, бірақ коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық болмауы тиіс.
15. Белгiленген нормадан тыс төлем тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпыға бірдей негiзде жүргiзiледi.
16. Жергілікті жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы өтініш беру тоқсанында отбасыға (азаматқа), біржолғы жылу беру маусымына бес тонна деп белгіленеді. Қатты отын шығыны айына бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады. Көмірдің құны статистиқалық деректерге сәйкес, өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағамен алынады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 16.05.2018 № 6С-23/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.17. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.