Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/5 "Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 6С-23/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 маусымда № 6652 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-33/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 24.12.2018 № 6С-33/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/5 "Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4758 тіркелген, 2015 жылғы 1 мамырда "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) келесілерді қоспағанда, тоқсан сайын тағайындалады:

      жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беретін отбасыларды (азаматтарды);

      отбасылардың (азаматтардың) еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, мерзімді әскери қызмет етпейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген (3 жасқа дейінгі балаларға және медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж тұлғаларға күтімді жүзеге асыратын азаматтардан басқалары);

      Заңсыз тұрғын үй көмегінің тағайындалуына әкеліп соғатын әдейі жалған немесе толық емес мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда - сот арқылы қайтарады.";

      16 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "16. Жергілікті жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы өтініш беру тоқсанында отбасыға (азаматқа), біржолғы жылу беру маусымына бес тонна деп белгіленеді. Қатты отын шығыны айына бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады. Көмірдің құны статистиқалық деректерге сәйкес, өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағамен алынады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Самаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының
әкімі
М.Балпан

      16.05.2018

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады