РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 20.01.2016 № а-0/05 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3) бірде бірі жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары;
4) емделудің толық курсынан өткен туберкулезбен ауыратындар;
5) арнаулы орта білім беру оқу орындарының түлектері;
6) уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімі өткендіктен босатылған тұлғалар;
7) 18 жасқа дейінгі балалары бар ата–аналар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 20.01.2016 № а-0/05 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ш. Сейдахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқықтық қатынастарда қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Сүйіндіков |