"2016 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № а-11/307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № а-0/05 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 ақпанда № 5243 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № а-3/85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 14.04.2016 № а-3/85 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № а-11/307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5136 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталынсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады