1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар түлектер;
оларға байланысты емес себептер бойынша ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (он екі айдан артық);
уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ғабдуллинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |