2015 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 ақпанда № 4653 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар түлектер;
      оларға байланысты емес себептер бойынша ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (он екі айдан артық);
      уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ғабдуллинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады