РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 29 қазандағы № 19/2 (Ақмола облысы Әділет департаментінде № 3890 тіркелген, 2013 жылы 6 желтоқсанда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасының 2-тарауының 9-тармағының 12-абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
"аз қамтылған отбасылардан және халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге.";
Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасының 2-тарауының 11-тармағының 1)-тармақшасы келесі мазмұндағы 6-абзацпен толықтырылсын:
"жылдық оқу құнының мөлшеріндегі, Сандықтау ауданында жұмыс істеуін ескеріп Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аз қамтылған отбасыларынан халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге. Төлем аз қамтылған отбасылары санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатына жататынын растайтын анықтаманың, оқу орнынан берілген анықтаманың, оқу орнымен жасасқан шарттың көшірмесінің және аудан әкімдігі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт көшірмесі негізінде жүргізіледі.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
В.Эльвейн |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Клюшников |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сандықтау ауданының әкімі |
А.Исмағамбетов |
2015 жыл 11 қараша