1. Сандықтау аудандық мәслихаты шешімінің күшінің жойылуын қосымшаға сәйкес танылсын.
2. Нақты шешім қол қойылғаннан кейін күшіне және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ш.Докаев |
Аудандық мәслихатының хатшысы |
С.Клюшников |
Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/8 сессия шешімімен бекітілген қосымша |
Күші жойылған деп танылған, нормативті құқықтық актілердің тізімі
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 19/2 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі. (2013 жылы 21 қарашада Ақмола облысы әділет Департаментінде 3890 нөмірімен тіркелген).2. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 мамырдағы № 32/2 "Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қазандағы № 19/2 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімі. (2015 жылы 8 маусымда Ақмола облысы әділет Департаментінде 4823 нөмірімен тіркелген).
3. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы № 37/4 "Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қазандағы № 19/2 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімі. (2015 жылы 30 қарашада Ақмола облысы әділет Департаментінде 5100 нөмірімен тіркелген).