Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 20.02.2020 № 385/57-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Д.Қамзебаев |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Р.Түлкібаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі | М.Тәткеев |
31.03.2015
Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283/41-5 шешіміне қосымша |
Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі 1. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
1. "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысына сүйене отырып анықтайды және тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде есептейді.
2. Шекті жол берілген шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына жеті пайыз мөлшерінде:
жекешелендірілген тұрғын үйлерде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүліктеріне;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге белгіленеді.
3. Жекешелендірілген тұрғын үйлерде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүліктерін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың төлемдері және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрден қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метрден қабылданады.
4. Жергілікті жылу берілетін отбасына (азаматқа) тұрғын үй көлеміне қарай жылу беру маусымына өтемақылық норма бес тонна мөлшерінде қатты отын белгіленеді. Отын шығыны айына бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшері есепке алынады. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсандағы, тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша Целиноград ауданының статистика басқармасы ұсынған орташа баға пайдаланылады.
5. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін электр энергиясының шығын нормасы үшін бір адамға елу киловаттан қабылданады.
6. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерілуіне өтемақы төлеу қағидасына сәйкес жүргізіледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
7. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Целиноград ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.
8. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 24.08.2018 № 233/33-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Қажетті құжаттардың тізбесі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен анықталады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 28.03.2016 № 10/1-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 17.08.2016 № 54/6-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.08.2018 № 233/33-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
9-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. Шешім 9-1-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 24.08.2018 № 233/33-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9-2. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Ескерту. Шешім 9-2-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 24.08.2018 № 233/33-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9-3. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Целиноград аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жібереді.
Ескерту. Шешім 9-3-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 24.08.2018 № 233/33-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9-4. "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Ескерту. Шешім 9-4-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 24.08.2018 № 233/33-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9-5. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
Ескерту. Шешім 9-5-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 24.08.2018 № 233/33-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.10. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес, ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, бұл жағдайда отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.