Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 20.02.2020 № 385/57-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін анықтау туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283/41-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4760 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
9-тармақтың екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда қоғам қызметкері белгіленген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Т.Құлмағамбетов |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі | М.Тәткеев |
17.08.2016
"Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Р.Ғабдуллина |
17.08.2016