Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Н. Есқалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 368 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 154 "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 - тармағы;2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 321 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы;
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 500 "Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысы;
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 159 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы;
5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 404 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;
6. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 107 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы;
7. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 275 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 368 қаулысымен БЕКІТІЛДІ |
"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды."Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының орман және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын, су шаруашылығын, жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту салаларында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
3. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылып, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
5. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40,
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтөбе облысының қоршаған ортасының жағдайын жақсарту және орман қорын, су ресурстарының әлеуеттерін арттыру, қорғау, қалпына келтіру бойынша жағдай жасау, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.15. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыру;
2) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
3) су қатынастарын реттеуге қатысу;
4) табиғатты пайдалануды реттеу және жер қойнауын пайдалану салаларында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi қатынастарды реттеу;
6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде құқықтық негiздi қамтамасыз етуге ықпал ету;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
16. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі функцияларына қолданыстағы заңнамамен сәйкес мыналар кіреді:
1) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын, археологиялық ескерткіштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
2) келісім–шарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік– экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуымен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу;
3) аумақтарды әлеуметтік даму бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
4) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесінің жобасын әзірлеу;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындау және ұйымдастыру;
6) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіру жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамының жобасын әзірлеу;
7) жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізу және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау;
8) техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу;
9) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
10) елді - мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
11) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтау;
12) заңнамаларға сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу;
13) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;
14) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттың орындалуын және қолданылуының тоқтатылуын қамтамасыз ету;
15) жер қойнауын пайдаланушымен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдесу;
16) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау;
17) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісім шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг және бақылауды жүзеге асыру;
18) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер өткізу бойынша жұмыс тобының ережесі мен оның құрамын бекіту, сонымен қатар техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу;
19) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
20) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасу;
21) өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
22) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;
23) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру;
24) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына беру;
25) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тарту;
26) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлеу;
27) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
28) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлеу және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге дайындауға ұсыну;
29) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлеу;
30) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
31) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы тұрғындарды хабардар етудi жүзеге асыру;
32) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асыру;
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс ету;
34) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келісу;
35) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
36) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітуге дайындау;
37) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен оларды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу;
38) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу;
39) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, функционалдық қараудағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;
40) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу, бекітуге дайындау және орындалуын iске асыру;
41) орманда өрт қаупі болатын маусымда өрттердi сөндiру үшiн мемлекеттiк орман қоры аумағында жанар-жағар май материалдарының резервiн жасау;
42) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз ету;
43) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастыру;
44) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құру;
45) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
46) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм дайындау;
47) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлеу;
48) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдау;
49) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің (сіректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлеу;
50) уәкiлеттi органның және облыстық өкiлдi органдардың қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастыру және өткiзу;
51) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
52) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру;
53) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
54) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
55) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеуге материалдар дайындау;
56) бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеуге материалдар дайындау;
57) экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы органмен келісім бойынша су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгiлеу;
58) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру жөнінде материалдар әзірлеу;
59) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келiсiмге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі өңірлік бағдарламалардың жобасын бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;
60) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;
61) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзiрлеу;
62) жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта тиiстi негiздеме болған жағдайда уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша осы суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат беру;
63) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жер үсті және жер асты су объектілерінен жеке және заңды тұлғалардың су алу құқығына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда су объектiлерiне қорытындысын тiркеу жүргізу;
64) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
65) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
66) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітуге дайындау;
67) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер дайындау;
68) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
69) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;
70) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;
71) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
72) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
73) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;
74) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеуге материалдар дайындау;
75) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеуге материалдар дайындау, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;
76) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;
77) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзу;
78) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
79) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастыру және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз ету;
80) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорықтық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтуге дайындау;
81) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешiмдер дайындау;
82) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтуге дайындау;
83) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеу және бекiтуге дайындау, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету;
84) заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтуге дайындау;
85) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысу;
86) уәкiлеттi органмен келiсе отырып өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекiтедi және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тіркеуге) беру;
87) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жердi резервте қалдыру жөнiнде шешiмдер дайындау;
88) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне терiс әсер ететiн қызметтiң барлық түрiн шектей отырып, осындай аймақтарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер дайындау;
89) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
90) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерін бекiтуге дайындау;
91) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекітуге дайындауға ұсыну;
92) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату және олардың аумақтарын кішірейту;
93) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне ішкі бақылауды іске асыру;
17. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
1) заңнамада көзделген жақдайларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша келiсiм-шарт жасасу;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартуға;
"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау;
2) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресу;
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының және басқарма бөлімдері басшыларының, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері басшыларының міндеттерін белгілейді.
2) заңнамаға сәйкес құрылымдық бөлімдердің және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес басқарма қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
4) басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады, көтермелейді, үстемеақы белгілейді және сыйақы береді;
5) басқарма бұйрықтарына қол қояды;
6) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда басқарманың атынан сөйлей алады;
7) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты;
8) өз құзыретті шегінде гендерлік және отбасылық–демографиялық саясатты қалыптастырады және іске асырады;
"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар."Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөнінде уәкілетті орган) Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болып табылады.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Ақтөбе орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі;2) "Үлкен-Борсық орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі;
3) "Мәртөк орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі;
4) "Қарабұтақ орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі;
5) "Темір орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі;
6) "Ойыл орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі;
7) "Қобда орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі.