Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 "2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының 4-қосымшасына сәйкес бекітілген мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 432 қаулысына 1-қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысына 3-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия көлемдері
№ | Өнімдердің атауы | Өлшем бірлік | 2015 жылға субсидиялар көлемдері | |
субсидияланатын көлем | субсидиялар сомасы, мың теңге | |||
1 | Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу | бас | 7 365 | 147 300 |
2 | Етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу | бас | 49 380 | 888 840 |
3 | Ұлттық қордан етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу * | бас | 3 239 | 58 305 |
4 | Сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу | бас | 2 916 | 58 320 |
5 | Аналық қой басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу | бас | 140 000 | 210 000 |
6 | Қоғамдық табындарда етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды аталық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 1 393 | 144 872 |
7 | Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру | бас | 9 799 | 48 995 |
8 | Етті өнімділік бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде: | бас | х | х |
| Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан | бас | х | х |
| асыл тұқымды селекциялық мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде) | бас | 326 | 34 224 |
9 | Сүтті өнімділік бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде: | бас | х | х |
| асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде) | бас | 148 | 17 464 |
10 | Отандық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малды сатып алу | бас | 2 228 | 331 733 |
11 | Асыл тұқымды малдарды сатып алу, оның ішінде: | бас | х | х |
| қойлар | бас | 4 500 | 36 000 |
| жылқылар | бас | 450 | 18 000 |
| БАРЛЫҒЫ: | бас | х | 1 994 053 |
* - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 432 қаулысына 2-қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысына 4-қосымша |
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидия көлемдері
№ | Өнімдердің атауы | Өлшем бірлік | 2015 жылға субсидия көлемдері | |
субсидияланатын көлем | субсидия сомасы, мың теңге | |||
1 | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде: | тонна | х | х |
| 1-деңгей | тонна | 2 804,1 | 841 230 |
| 2-деңгей | тонна | 120,1 | 20 417 |
| 3-деңгей | тонна | 237,3 | 23 730 |
2 | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей | тонна | 6 222,2 | 609 776 |
3 | Қой еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде: | тонна | х | х |
| 1-деңгей | тонна | 63,27 | 12 654 |
| 2-деңгей | тонна | 13,4 | 1 338,5 |
4 | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 200 | 18 400 |
5 | Сүт өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде: | тонна | х | х |
| 1-деңгей | тонна | 4 961,4 | 124 035 |
| Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен ** | тонна | 3 590 | 124 761,3 |
| 2-деңгей | тонна | 891,5 | 13 372,5 |
| 3-деңгей | тонна | 566,4 | 5 664 |
6 | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | тонна | 100,75 | 6 045 |
7 | Құс еті өндірісінің құнын арзандату: 3-деңгей | тонна | 425 | 21 250 |
| Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен ** | тонна | 400 | 26 858 |
8 | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей | мың дана | 69 000 | 207 000 |
| Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен ** | мың дана | 23 000 | 94 045 |
9 | Бұқашықтарды субсидиялаудың 1-деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу | бас | 1 542 | 37 008 |
10 | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату | бас | х | 657 996 |
11 | Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығына мал азығының құнын арзандату * | тонна | 17 151,3 | 128 635 |
12 | Шошқа шаруашылығына мал азығының құнын арзандату * | тонна | 6 008 | 45 060 |
| Барлығы: | х | х | 3 019 275,3 |
* - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат
** - Өсімдік шаруашылығының бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен субсидия нормативтерін өсіру