"2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 432 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 желтоқсанда № 4617 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 01.02.2016 № 26 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 "2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулының 4-қосымшасына сәйкес бекітілген мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 432 қаулысына 1-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысына 3-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия көлемдері


Өнімдердің атауы
Өлшем бірлік
2015 жылға субсидиялар көлемдері
субсидияланатын көлем
субсидиялар сомасы, мың теңге
1
Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
7 365
147 300
2
Етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
49 380
888 840
3
Ұлттық қордан етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу *
бас
3 239
58 305
4
Сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
2 916
58 320
5
Аналық қой басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
бас
140 000
210 000
6
Қоғамдық табындарда етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды аталық бұқаларды күтіп-бағу
бас
1 393
144 872
7
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру
бас
9 799
48 995
8
Етті өнімділік бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
бас
х
х
 
Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан
бас
х
х
 
асыл тұқымды селекциялық мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде)
бас
326
34 224
9
Сүтті өнімділік бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
бас
х
х
 
асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде)
бас
148
17 464
10
Отандық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малды сатып алу
бас
2 228
331 733
11
Асыл тұқымды малдарды сатып алу, оның ішінде:
бас
х
х
 
қойлар
бас
4 500
36 000
 
жылқылар
бас
450
18 000
 
БАРЛЫҒЫ:
бас
х
1 994 053

      Ескерту:
      * - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 432 қаулысына 2-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысына 4-қосымша

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидия көлемдері


Өнімдердің атауы
Өлшем бірлік
2015 жылға субсидия көлемдері
субсидияланатын көлем
субсидия сомасы, мың теңге
1
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
 
1-деңгей
тонна
2 804,1
841 230
 
2-деңгей
тонна
120,1
20 417
 
3-деңгей
тонна
237,3
23 730
2
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей
тонна
6 222,2
609 776
3
Қой еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
 
1-деңгей
тонна
63,27
12 654
 
2-деңгей
тонна
13,4
1 338,5
4
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
200
18 400
5
Сүт өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
 
1-деңгей
тонна
4 961,4
124 035
 
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
тонна
3 590
124 761,3
 
2-деңгей
тонна
891,5
13 372,5
 
3-деңгей
тонна
566,4
5 664
6
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
тонна
100,75
6 045
7
Құс еті өндірісінің құнын арзандату: 3-деңгей
тонна
425
21 250
 
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
тонна
400
26 858
8
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей
мың дана
69 000
207 000
 
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
мың дана
23 000
94 045
9
Бұқашықтарды субсидиялаудың 1-деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу
бас
1 542
37 008
10
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату
бас
х
657 996
11
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығына мал азығының құнын арзандату *
тонна
17 151,3
128 635
12
Шошқа шаруашылығына мал азығының құнын арзандату *
тонна
6 008
45 060
 
Барлығы:
х
х
3 019 275,3

      Ескерту:
      * - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат
      ** - Өсімдік шаруашылығының бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен субсидия нормативтерін өсіру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады