Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 05.06.2019 № 220 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. "Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылсын.
2. Күші жойылды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.09.2016 № 415 қаулысымен.
3. "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 364 "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 17 қарашада жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ. Н. Есқалиевке жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 416 қаулысымен "БЕКІТІЛГЕН" |
"Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереженің күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.09.2016 № 415 қаулысымен.