Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 416 "Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 220 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 маусымда № 6247 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 416 "Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4639 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады