"Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 364 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қарашада № 4551 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 416 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 09.11.2015 № 416 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 қазандағы
№ 364 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылуға жататын қаулылар тізбесі

      1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 506 "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысының 1-тармағы;
      2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 129 "Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 506 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      3) Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 400 "Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 506 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 қазандағы
№ 364 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеуге, Ақтөбе облысы аумағында сәулет-құрылыс қызметі барлық деңгейлерінде барлық субъектілерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында заңнама нормаларының, мемлекеттік құрылыс нормаларының орындалуын қамтамасыз етуге, стандарттарының және қала құрылысы ережелері қағидалары талаптарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса,мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша және заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 030010, Қазақстан Республикасы, Актөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Ақтөбе облысының әкімдігі мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті болып табылады.
      12. Осы ереже "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      13. Ақтөбе облысының әкімдігі "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне өз функциялары болып табылатын міндерттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен кірісті облыстық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысының дамыту Ақтөбе облысының тұрғындарының мекендейтін және тіршілік етуге қолайлы ортасын қамтамасыз ету "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып табылады.
      16. Сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген облыс аумағын қала құрылысы игеру кезінде мемлекеттік нормативтер мен өзге жобалық құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету басқарма қызметі саласының негізгі міндеттері болып табылады.
      17. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:
      1) облыс аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы қызметі саясатын іске асырады;
      2) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген (облыстық аудандық жоспарлау жобаларын), немесе оның бөлімдерін белгіленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiреді;
      3) тұрғындардың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізеді;
      4) облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларының жобаларын сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, тұрғындарының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынуды және дайындауды ұйымдастырады;
      5) тұрғындарының есептік саны бір жүз тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар ведомствоға қарасты қалалар мен аудандар аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларын, сондай-ақ қалалық мәслихаттар мақұлдаған тұрғындарының есептік саны бір жүз тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
      6) бас жоспарларды, жоспарлау жобаларын, аудандық жоспарлау жобалары мен облыс елді мекендерін басқа да қала құрылысы жобаларын әзірлеуді және уақтылы түзетуді ұйымдастырады;
      7) белгіленген заңнамаларға сәйкес қала құрылысы және басқа да жобалық құжаттарды әзірлеуде тапсырыс беруші болып табылады;
      8) қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмысқа конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
      9) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;
      10) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларын келіседі;
      11) Ақтөбе облысының қалалары мен ауылдарын дамыту және өзгерту үрдісінде сәулеттің сапасын және идеялық-көркемдік деңгейін қамтамасыз етеді;
      12) қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы органдарының қызметін үйлестіреді, оларға сәулет және қала құрылысы кадастры мәселелері бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік және басқа да көмектер көрсетеді;
      13) құрылыс салудың, аумақты абаттандыруды аумақтық ережелерін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келіседі;
      14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
      15) елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi ережелерді, жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлерiн беру талаптарын әзiрлейдi;
      16) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiне тiркеу тәртiбi және мекенжайдың құрылымы туралы ереженi әзiрлейдi;
      17) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;
      18) облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізеді;
      19) қалақұраушы факторларға байланысты әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар енгізеді;
      20) тұрғындарға аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы хабарлап отырады;
      21) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекітеді және іске асырады;
      22) картографиялық, топографиялық және қала құрылысы материалдары облыстық қорын жинау және Басқарманың техникалық мұрағатын ұстауды қамтамасыз етеді;
      23) консультативтік –кеңесші орган - облыстық қала құрылысы кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;
      24) елді мекендер аумағы бойынша инженерлік ізденістер жүргізуді реттейді;
      25) шарттық негізінде жобалаушыларды уақытша шығармашылық ұжымдарын жұмысқа тарта отырып, құруға ықпал етеді;
      26) "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызметін және "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетеді.
      18. Өз құзыреті шегінде негізгі міндеттерін және басқарма функцияларын жүзеге асыру мақсатында құқылы:
      1) басқармаға жүктелген тапсырмаларды орындау үшін өз құзіреті шегінде ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан тиісті статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан меншік иелігіне қарамастан, оның құзіретіне жататын ақпараттарды, сондай-ақ жоспарлы есеп деректері бойынша мәселелерді сұратуға және алуға;
      2) жобаларды, оның ішінде жоспарлау нобайларын, құрылыс салу, елді мекендер орталықтарын және тұрғын аудандарын абаттандыру, сондай-ақ адамның тіршілік ететін қолайлы ортаны қалыптастыратын жекелеген ғимараттар мен имараттар, ескерткіштер және монументтерді әзірлеуге жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен, Қазақстан Республикасы сәулетшілерімен бірлесіп конкурс өткізуді ұйымдастыруға;
      3) басқарма құзыретіне қатысты мәселелерді шешу үшін облыс әкімі және облыстық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуге;
      4) гендерлік және отбасылық – демографиялық саясатты іске асыруға бағытталған мәселелерді қарауға;
      5) облыс әкімдігінің және әкімнің жобаларын дайындауға қатысуға;
      19. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) cәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуына, мемлекеттік нормативтерді және белгіленген Заң тәртібімен бекітілген облыс аумақтарын қала құрылысына игеру кезінде басқадай қала құрылысы жобалау құжаттамасына бақылауды қамтамасыз етуге;
      2) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген құзіреті шегінде сәулет және қала құрылысы қызметі саласында міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      20. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесін облыстың бас сәулетшісі болып табылатын басқарма басшысы басқарады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және қызметтердің іске асырылуына дербес жауапты.
      21. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      22. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босататылатын орынбасарлары болады.
      23. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:
      1) басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді, олардың функциялары мен өкілеттіктерін бекітеді;
      2) басқарма басшының орынбасарларын, құрылымдық бөлімдердің басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызмеші болып табылмайтын қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, мараппатайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      3) басқарманың бұйрықтарын шығарады;
      4) басқарманың қызметіне басшылық етеді, барлық мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда басқарма атынан сөйлейді;
      5) "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
      "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      24. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      25. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген реттерде жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие бола алады.
      26. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік, коммуналдық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      29. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесінің мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

5. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату

      30. "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату, осы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады