"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілді |
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары
1- тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Талаптар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 70-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының кәсіптік даярлықтарының, олардың арнайы және құтқару техникасымен, құрал-сайманмен, жарақпен, авариялық-құтқару және өрт сөндіру жабдығымен, керек-жарақтармен және материалдармен жарақталу деңгейін, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі дәрежелерін айқындайды.
2-тарау. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) бастапқы аттестаттаудан өткен құтқарушылармен жасақталуы;
3) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес арнайы және құтқару техникасымен, авариялық-құтқару және өрт сөндіру жабдығымен, құрал-сайманмен, жарақпен, керек-жарақтармен және материалдармен жарақталуы;
4) тәулік бойы кезекшілік өткеруді, бос ауысымның демалысын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен және қызмет көрсетілетін объектілермен байланысты (телефон, факсимильді, радиобайланыс), жеке құрамды құлақтандыру жүйелерін қамтамасыз ететін үй-жайлардың және жабдықтардың, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметінің орналасу схемасына сәйкес мүлік пен белгіленген материалдық құралдар қорына арналған үй-жайдың болуы;
5) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін оқу-жаттығу базасының болуы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына осы Талаптардың 2-тармағын толықтыру үшін қосымша мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:
1) қажетті персоналмен және жабдықпен жасақталған шаң-газ талдау зертханасының болуы;
2) авариялық-құтқару қызметі мен тау-кен өндіру, көмір, мұнай және газ кәсіпорындарына қызмет көрсететін құралымның оқу-жаттығу полигонының, оқу шахтасының, осы Талаптарға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жарақталған жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешеннің болуы;
3) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2016 № 195 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2019 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына 1-қосымша |
Тау-кен өндіру және көмір кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі
Р/с | Жарақ атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1. | Қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын тау-кен қазбаларының тіреуіштері (металл, ағаш және т.б.) | жиынтық | әр түрінен 3 |
2. | Аралық жалғағыштарды қосуға арналған бұрамасы бар = 100, 125 және 159 мм өртке қарсы құбыр | жиынтық | 1 |
3. | Көлемі 8,0 – 10,0 м3 суға арналған сыйымдылық | дана | 1 |
4. | Өнімділігі 10,0-20,0 м3/сағ су сорғысы | дана | 1 |
5. | Жанғыш сұйықтығы бар өрт ошағын жасауға арналған жалпақ қаңылтыр таба | дана | 1 |
6. | Оқу полигонының схемасы | дана | 1 |
7. | Теренкур, кемінде L = 10,0 см | дана | 1 |
8. | ЖПБ (парашют) орнатуға және ауа көлемін өлшеуге арналған қазба, кемінде L = 6,0 см | дана | 1 |
9. | Темірбетон блоктар мен плиталардан жасалған конструкция | жиынтық | 1 |
Ескертпе. Оқу-жаттығу полигонын 3, 4, 6-позициялар бойынша жарақтау бөлімшенің оқу шахтасымен бірыңғай болуы мүмкін.
Мұнай және газ кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі
Р/с № | Жарақ атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Бұрғылау қондырғысы | 1 | |
2. | Ұңғыманың бұрғыланған оқпаны | жиынтық | 1 |
3. | Ұңғыма сағасында орналасқан шахта | 1 | |
4. | Шегендеу бағаналары | метр | Ұңғыманың конструкциясына сәйкес |
5. | Бұрғылау бағанасы | метр | 10 |
6. | Бұрғылау қондырғысының шығарылатын көпірлері | жиынтық | 1 |
7. | Саға жабдықтары: бағана басы мен шығарындыға қарсы жабдық жиынтығы | жиынтық | 1 |
8. | Шығарындыға қарсы жабдықты гидравликалық басқару пульті | жиынтық | 1 |
9. | Басу және дроссельдеу блогы | жиынтық | 1 |
10. | Көлемі 10 м3 техникалық суға арналған резервуар немесе сыйымдылық | дана | 1 |
11. | Босатқыш қалқандары бар плашкалық превенторларды қолмен басқару тұтқасы | дана | 1 |
12. | Шығарындыға қарсы жабдықтың шығару желілері | жиынтық | 1 |
13. | Басқару кілті бар шар краны | жиынтық | 1 |
14. | Ашуға арналған аспабы бар қайтарма клапан | жиынтық | 1 |
15. | Жарықпен және дыбыспен беретін құлақтандыру сигнал жүйесі | жиынтық | 1 |
16. | Желдің бағытын анықтауға арналған құрылғы (конус, флюгер) | дана | 1 |
17. | Өрт сөндіру құралдары | жиынтық | 1 |
18. | Су беруге арналған сорғы | дана | 1 |
19. | Ауа компрессоры | дана | 1 |
20. | Бұрғылау, сағалық және шығарындыға қарсы, қосалқы жабдық элементтері көрсетілген оқу бұрғылау полигонының орналасу схемасы | дана | 1 |
21. | Авариялық қор қоймасы: стандартты емес авариялық жабдықтың жиынтықтары | жиынтық | 15 |
22. | Сағалық және шығарындыға қарсы жабдықты сығымдауға арналған стенд | жиынтық | 1 |
23. | Темір кескіш және темір өңдеуші станоктары бар жөндеу цехы | жиынтық | 1 |
24. | Шығарындыға қарсы жабдықтың жиынтықтары: қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын әмбебап және сағалық төрт тармағы бар плашкалық превенторлар | жиынтық | 1 |
25. | НГ-50 қондырғысы (шығарындыға қарсы жабдықтың жиынтығын авариялық ұңғыма сағасына тасығыш) | жиынтық | 1 |
26. | Жанып жатқан ашық атқыламаны жоюға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы | жиынтық | 1 |
27. | Шығарындыға қарсы жабдықты қысымдағы ұңғыма сағасына бұруға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы | жиынтық | 1 |
28. | Қысымдағы құбырды бұрғылауға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы | жиынтық | 1 |
29. | Шегендеу бағаналарын кесуге ұқсас қимылға арналған оқу алаңы | жиынтық | 1 |
30. | Құтқарушылардың дене және моральдық-психологиялық дайындықтарын тәжірибелік сынауды жүргізуге арналған оқу-тренажерлық кешен | жиынтық | 1 |
31. | Өрт сөндіру құралдары | жиынтық | 1 |
32. | Оқу полигонының схемасы | дана | 2 |
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына 2-қосымша |
Оқу шахтасын жарақтандыру тізбесі
Р\с № | Жарақ атауы | Өлшем бірлігі | саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Авариялық сигнализация қоңырауы | дана | 1 |
2. | Кезекшімен байланысуға арналған телефон (шахталық телефон аппараты) | дана | 1 |
3. | Қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын металл тіреуіш | жақтау | 5 |
4. | Тіреу жақтауларын орнатуға арналған ағаш бағаналар | жақтау | 10 |
5. | Бетонит (қож-блок) | дана | 100 |
6. | Құм | м3 | 1 |
7. | Құрылыс ерітіндісін дайындауға арналған сыйымдылық | дана | 1 |
8. | Қазбалар бойынша жүргізілген = 100, 125, 159 мм өртке қарсы құбыр | жиынтық | 1 |
9. | Гидроқақпасы бар = 100 немесе 150 мм су әкететін құбыр | дана | 1 |
10. | Диаметрі 35-40 мм және сынамаларды алуға арналған бұрмасы бар ауадан сынамалар алуға арналған құбыр | дана | 1 |
11. | Ойық құбырлар секциясы, біреуінің қақпағы бар | дана | 4 |
12. | Іске қосу аппаратурасы бар оқу шахтасын желдету желдеткіші | жиынтық | 1 |
13. | Іске қосу аппаратурасы бар тұйық қазбаны жергілікті желдету желдеткіші | жиынтық | 1 |
14. | Қимасы 0,8 х 1,0 м2 ұзындығы кемінде 10 метр теренкур | дана | 1 |
15. | Шегелер (100-120 мм) | килограмм | 3 |
16. | Құрылыс тоғындары | дана | 30 |
17. | Саны оқу шахтасы жағдайында екі қатарлы бөгеттерді тұрғызуды қамтамасыз ете алатын шаршы қималы (16 х 16 см немесе 18 х 18 см) ағаш қырлы бөренелер | жиынтық | 1 |
18. | Түтін жіберуге арналған құрылғы | дана | 1 |
19. | Арнайы дайындыққа арналған динамометрлері (6 данадан аз емес) және калорифері бар жылу камерасы | жиынтық | 1 |
20. | +1000С дейінгі қалыпты термометр | дана | 1 |
21. | Психрометр | дана | 1 |
22. | Ілуге арналған арқаны бар ЖМБ-ға арналған, ұзындығы 20 м желдету құбыры | дана | 1 |
23. | Өнімділігі 5 м3/сағ ауа компрессоры | дана | 1 |
24. | Көлемі 8-10 м3 суға арналған сыйымдылық (өртке қарсы резервуар) | дана | 1 |
25. | Өнімділігі 10-20 м3/сағ өртке қарсы құбырға су беруге арналған сорғы | дана | 1 |
26. | Ауа көлемін анықтауға арналған өлшеу станциясы | дана | 1 |
27. | Қазбалар, техникалық құрылыстар, электр желілері, іске қосу аппаратурасы мен жабдығы көрсетілген оқу-жаттығу кешенінің схемасы | дана | 1 |
28. | Өрт сөндіру құралдары | жиынтық | 1 |
29. | Оқу шахтасының аварияларын жою жоспары | жиынтық | 1 |
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына 3-қосымша |
Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен
1. Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен кемінде екі үй-жайдан тұруы қажет:
1) жылуға төзімділікке жаттығу жүргізуге арналған үй-жай;
2) медициналық қызметкерге арналған үй-жай.
2. Жылуға төзімділікке жаттығу жүргізуге арналған үй-жайда мынадай жарақтар болуы қажет:
1) +1500С дейінгі қалыпты термометр, саны 1 дана;
2) психрометр, саны 1 дана;
3) шашыратқышы бар (құрғақ сап)
=50 мм өртке қарсы құбыр, саны 1 жиынтық.