"Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 сәуірде № 13570 болып тіркелді

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарындағы:
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «авариалық - құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға жіберілген құтқарушыларда Қазақстан Республиқасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 753 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді меммлекеттік тіркеу тізілімінде № 5937 болып тіркелген) медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесіне сәйкес берілген парамедик куәлігінің және «Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығымен (2015 жылғы 17 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тізімде № 12292 болып тіркелген) белгіленген нысанда азаматтық қорғау саласында даярлаудан немесе қайта даярлаудан өткен туралы сертификаттың болуы.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамадамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейін бес жұмыс күн iшiнде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады