РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"1- тарау. Жалпы ережелер";
2- тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2- тарау. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары";
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Е. Тургумбаев |