Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 7 қыркүйекте № 3-1-140 санымен тіркелген, 2010 жылғы 21 қыркүйектегі "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасындағы:
1 тармақтағы:
1) тармақшаның 3 азат жолы мынадай редакцияда мәлімделсін:
"жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына;";
2) тармақша мынадай редакцияда мәлімделсін:
"кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысынын шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай - ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекеленген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;";
2 тармақтағы:
2 азат жолдағы "тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын" сөздері "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын" сөздерімен ауыстырылсын;
3 азат жолдағы "тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға ақы төлеуге" сөздері: "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға ақы төлеуге" сөздерімен ауыстырылсын;
3 тармақтағы:
"тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстарының" сөздері: "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарының" сөздерімен ауыстырылсын;
4 тармақтағы:
"Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) жылыту және күтiп - ұстау шығындары" сөздері: "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жылыту және күтіп - ұстау шығыстары" сөздерімен ауыстырылсын;
9 тармақтағы:
"тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына" сөздері: "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына" сөздерімен ауыстырылсын;
13 тармақтағы:
"тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстары" сөздері: "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстары" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық | Ақтөбе қалалық |
мәслихатының сессия төрағасы | мәслихатының хатшысы |
А. Қабиев | С. Шынтасова |