Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 337 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 шілдеде № 4423 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 247 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 7 қыркүйекте № 3-1-140 санымен тіркелген, 2010 жылғы 21 қыркүйектегі "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасындағы:
      1 тармақтағы:
      1) тармақшаның 3 азат жолы мынадай редакцияда мәлімделсін:
      "жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына;";
      2) тармақша мынадай редакцияда мәлімделсін:
      "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысынын шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай - ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекеленген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;";
      2 тармақтағы:
      2 азат жолдағы "тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын" сөздері "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын" сөздерімен ауыстырылсын;
      3 азат жолдағы "тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға ақы төлеуге" сөздері: "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға ақы төлеуге" сөздерімен ауыстырылсын;
      3 тармақтағы:
      "тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстарының" сөздері: "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарының" сөздерімен ауыстырылсын;
      4 тармақтағы:
      "Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) жылыту және күтiп - ұстау шығындары" сөздері: "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жылыту және күтіп - ұстау шығыстары" сөздерімен ауыстырылсын;
      9 тармақтағы:
      "тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына" сөздері: "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарына" сөздерімен ауыстырылсын;
      13 тармақтағы:
      "тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстары" сөздері: "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстары" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық Ақтөбе қалалық
      мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
      А. Қабиев С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады