1. Қарабұлақ селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 4 "Қарабұлақ және Аманкелді ауылдары көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-65 болып тіркелген, 2008 жылдың 30 желтоқсанында аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | Т. Бердалин |