Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 02.11.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 06.03.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қарабұлақ ауылының көшелеріне төмендегідей атау берілсін:
N 1 Әйтеке би.
N 2 Есет Көкіұлы
N 3 Әлия Молдағұлова
N 4 Мәншүк Маметова
N 5 Сәкен Сейфуллин
N 6 Бауыржан Момышұлы
N 7 Абай Құнанбаев
N 8 Махамбет Өтемісұлы
N 9 Құрманғазы Сағырбайұлы
2. Аманкелді ауылының көшелеріне төмендегідей атау берілсін:
N 1 Әбілхайыр хан.
N 2 Шоқан Уәлиханов
N 3 Ыбырай Алтынсарин
3. Осы шешім алғаш ресми жарияраланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі: | Т. Бердалин |