"Қарабұлақ және Аманкелді ауылдары көшелеріне атау беру туралы" Қарабұлақ селолық округі әкімінің 2008 жылдың 28 қарашадағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 02 қарашадағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 желтоқсанда № 4615 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңын басшылыққа ала отырып, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарабұлақ селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 4 "Қарабұлақ және Аманкелді ауылдары көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-65 болып тіркелген, 2008 жылдың 30 желтоқсанында аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" сөздері алынып тасталынсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Т. Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады