1. Маржанбұлақ селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 23 желтоқсанындағы № 19 "Маржанбұлақ селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-69 тіркелген, 2009 жылғы 03 ақпандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіндегі "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысының мекенжай тіркеліміне тіркеу тәртібі туралы және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже туралы № 255 қаулысына," сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі | Б.Т. Кангужин |