1. Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 21 "Бұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атаулары өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-113 тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Бұлақ ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы";
шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А.Темірбай |