Бұлақ ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 21 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 тамызда № 3-7-113 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 19.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бұлақ ауылдық округі халқының конференциясының 2011 жылғы 20 мамырдағы № 3 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Әлия ауылына көше атаулары берілсін:
      1) Жастар көшесі
      2) Юрий Гагарин көшесі
      3) Күләш Байсеитова көшесі
      4) Әлия Молдағұлова көшесі
      5) Қажығали Байғанин көшесі
      6) Құрманғазы көшесі
      7) Қаракөз Оразова көшесі
      8) Жамбыл Жабаев көшесі
      9) Қарақобда көшесі
      10) 1 мамыр көшесі
      2. Талдысай ауылына көше атауы берілсін:
      1) Әлия Молдағұлова көшесі
      2) Есет батыр көшесі
      3. Бұлақ ауылына көше атауы берілсін:
      1) Әлия Молдағұлова көшесі
      4. Талдысай ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
      1) Колхозная көшесі – Абат Байтақ көшесі,
      2) Советская көшесі – Жаңажол көшесі
      3) Абат Батыр көшесі – Жеңіс көшесі
      5. Әлия ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
      1) 40 лет Победы көшесі - Жеңіс көшесі
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі Қ.Шакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады