1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Мұғалжар ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдансын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарлансын
3. Мұғалжар ауданы әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 20 "2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4137 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Шаңғұтов |