2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 4679 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Мұғалжар ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз      етілсін.
      2. "Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдансын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарлансын
      3. Мұғалжар ауданы әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 20 "2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4137 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа жүктелсін.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С.Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады