2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 4137 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімінің 10.12.2015 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы 561-IV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейiнгi кезеңде "Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген, Мұғалжар ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. "Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Назаровқа жүктелсiн.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi С.Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады