1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №13 "Жұрын ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылының көшесеіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-76 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Көлденең Темір ауылының көшесіне атау беру туралы";
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағында "мнение", "дать название" сөздері "мнения", "присвоить наименование" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің 2 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"2. К улице "Достық" относятся все дома расположенные в селе Колденен Темир.";
көрсетілген шешімнің 3 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жұрын ауылдық округінің әкімі | Т.Абдірзақ |