Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №13 "Жұрын ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылының көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 2015 жылғы 09 ақпандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 4227 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №13 "Жұрын ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылының көшесеіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-76 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Көлденең Темір ауылының көшесіне атау беру туралы";
      орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағында "мнение", "дать название" сөздері "мнения", "присвоить наименование" сөздерімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі шешімнің 2 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. К улице "Достық" относятся все дома расположенные в селе Колденен Темир.";
      көрсетілген шешімнің 3 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жұрын ауылдық округінің әкімі Т.Абдірзақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады