Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула", "в ауле" сөздері тиісінше "сельского", "села", "в селе" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Кіріспеге озгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 09.02.2015 № 4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 15.03.2017 № 8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жұрын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Жұрын ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылының негізгі көшесіне "Достық" атауы берілсін.
2. Көшеге Көлденең Темір ауылындағы барлық үйлер жатқызылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 09.02.2015 № 4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жұрын ауылдық | |
округінің әкімі: | Қ. Ешауов |