Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 30 шілдедегі № ВО 3-4/231 ұсынысы негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Ойыл ауылдық округінің Ащықара қыстағындағы "Қанатты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округінің әкімі: | И. Сабиржанов |