Шектеу іс-шараларын алу және Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 136 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 58 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 5393 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2017 жылғы 28 ақпандағы № ВО 3-4/27 ұсынысына сәйкес, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл ауылдық округінің Ащықара қыстағындағы "Қанатты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық–санитарлық іс–шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
      2. Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 136 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округі әкімі Д. Бисебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады