Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 270-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың "Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3566 болып тіркелген, 2013 жылдың 30 сәуірінде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) 2013 жылғы 27 наурыздағы № 98 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1.Тұрғын үй көмегі Хромтау ауданы мен Хромтау қаласының аумағында тұрақты жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары отбасы бюджетінің осы мақсаттарға шекті рұқсат етілетін шығындарының үлесінен асатын жағдайда ұсынылады.";
1 тармақтағы екінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 8 пайызы мөлшерінде белгіленеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
сессия төрағасы | хатшысының міндетін |
Н.Арсений | атқарушы |
Б.Ашабаев |