Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына сәйкес Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 "Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 16 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4199 санымен тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпанында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы" сөздері "Есет Көтібарұлы" сөздерімен ауыстырылсын.
шешімінің 1 тармағының екінші абзацындағы "шешімнің" сөзінің алдына "мемлекеттік тіліндегі" сөздерімен толықтырылсын.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі | А. Муратов |