Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 "Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 16 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4199 болып тіркелген, аудандық "Шалқар" газетінде 2015 жылдың 26 ақпанында жарияланған);
      2) 2015 жылғы 20 мамырдағы № 4 "Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 16 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 болып тіркелген, аудандық "Шежірелі өлке" газетінде 2015 жылдың 12 маусымында жарияланған);
      2. Шешімнің көшірмесі Ақтөбе облысының әділет департаментіне жолдансын.
      Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі А. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады