"Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 16 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 4332 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 14.09.2016 № 7 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына сәйкес Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 "Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 16 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4199 санымен тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпанында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы" сөздері "Есет Көтібарұлы" сөздерімен ауыстырылсын.
      шешімінің 1 тармағының екінші абзацындағы "шешімнің" сөзінің алдына "мемлекеттік тіліндегі" сөздерімен толықтырылсын.
       Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі А. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады