Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

Алматы облысы мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 43-249 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 сәуірде № 3154 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 51-257 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы мәслихатының 31.07.2019 № 51-257 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қоса беріліп отырған Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекiтiлсiн.
      Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу облыс әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлына жүктелсін (келісім бойынша).
      Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжанұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Дөнсебаев
      Облыстық мәслихат хатшысы Е.Келемсеиіт

  Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы "27" наурыздағы №43-249 шешiмiмен бекітілген

Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін белгілейді.
      3. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелеріне, меншік түрлеріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      4. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) иттер мен мысықтардың иесі – жеке меншігінде немесе меншіктің басқа түрінде иттер және мысықтарға иелік етуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) ит – төбет тұқымдас, сүтқоректі;
      3) мысық- мысық тұқымдас, сүтқоректі;
      4) жетелеуші ит - көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамның белгілі маршруттар бойынша дұрыс және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ете алатын арнайы дайындық барысында үйретілген ит;
      5) иттерді және мысықтарды асырау – иттер мен мысықтардың иелерімен ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтай отырып, иттердің және мысықтардың толыққанды тіршілік қарекетін қамтамасыз ету үшін іске асырылатын әрекеттер;
      6) қаңғыбас иттер мен мысықтар - тіркелмеген, иесін анықтау мүмкін емес, иесінен қалып қойған не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген иттер мен мысықтар;
      7) қоғамдық орындар – адамдар көп жиналған немесе көп жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде бақтар, саябақтар және одан басқа азаматтардың демалыс орындары, жаға жайлар, стадиондар;
      8) иттер мен мысықтарды серуендету – иттер мен мысықтардың тұрған жайдан сырт жерде немесе арнайы қарастырылған аумақта болуы.

2. Иттер мен мысықтарды асырау

      5. Иттерді және мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтілерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердің төбелерінде), сондай-ақ осындай үйлердің жанындағы аумақтарда асырауға жол берілмейді.
      6. Жеке тұрғын үйлер, жеке құрылыстар аумақтарында иттердің қашып кетуін, адамдарға және жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда иттерді оқшау аумақта және (немесе) байлап асырау қажет. Егер аумақты ит күзететін болса, иттің аумақта бар екендігі туралы аумаққа кіреберістегі иттің бейнесі салынған, "Ит күзетеді! Охраняется собакой!" деген жазба жазылған, көлемі 20 х 30 сантиметрден кем емес ескерту тақташасымен хабарланады.
      7. Иттер мен мысықтарды асыраған кезде иелері төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
      1) иттер мен мысықтарды аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда тіркеуге қою;
      2) иттер мен мысықтардың оларды асырап отырған орыннан өз еркімен шығып кетуіне жол бермеу;
      3) иттер мен мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкеліп соқпайтын және қауіп төндірмейтін жүрісін қамтамасыз ету;
      4) иттер мен мысықтардың тарапынан тұрғын үй-жайларда даңғырды болмдырмау;
      5) иттер мен мысықтардың нәжісімен және өзге де тіршілік әрекет ету өнімдерімен көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарының (кіреберістердің, баспалдақтардың, баспалдақ алаңдарының, лифтілердің, жертөлелердің, шатыр астыларының, үйлердің төбелерінің), балалар алаңдарының, жолдардың, жаяусоқпақтардың, шағын гүлбақтардың, демалыс аумақтарының ластануына жол бермеу, ал ластаған жағдайда ластанған орынды жедел тазалау;
      6) иттер мен мысықтарды зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес асырау, қоғамдық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай асырау, оларға адамгершілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, оларға қажетті көлемде тамақ пен ішетін су беру, қатал ұсталуына жол бермеу;
      8) аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мамандарының талабы бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшін, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргізу үшін бөгетсіз беру;
      9) иттер мен мысықтарды жыл сайын екі айлық жасынан бастап аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға байқау және құтырма мен басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға қарсы егу үшін әкелу;
      10) жүйелі түрде, тоқсанына бір реттен кем емес иттер мен мысықтарды тері паразиттеріне және гельминттерге қарсы профилактикалық өңдеу жүргізу;
      11) иттер мен мысықтардың ауыруының барлық жағдайларында немесе ауруға күдікті болғанда дереу аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау, зерттеудің қорытындылары бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтіксіз орындау;
      12) иттер мен мысықтардың белгісіз себептермен өліп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгілері болғанда дереу аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау және оларды ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулау;
      13) иттер мен мысықтардың адамдарды сілекейлеу, тырнап алу, тістеу жағдайлары туралы, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне дереу хабарлау;
      14) ит немесе мысықтан жарақат алған тұлғаға өзі туралы толық деректерді дереу беру (фамилиясы, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекен жайы);
      15) иттер мен мысықтарды одан әрі асырауға мүмкіндік болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау ұйымына беру немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау;
      16) иттер мен мысықтардың өліктерін алып кетуін ұйымдастыру мақсатында аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына дереу хабарлау және олардың есептен шығарылуын қамтамасыз ету.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету

      8. Иттер мен мысықтардың иелері келесі талаптарды сақтауға міндетті:
      1) иттерді асырау орындарынан тұмылдырықта және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен айналасындағыларға мазасыздық, кедергілер келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға рұқсат етіледі. Айналадағы адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілу шартымен иттердің үш айға дейінгі күшіктерін және анатомиялық ерекшеліктері тұмылдырық киюге келмейтін декоративтік тұқымды иттерді тұмылдырықсыз серуендетуге болады;
      2) иттерді тұмылдырықсыз және мойын жіпсіз тек қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және жергілікті атқарушы органдарымен, пәтер иелерінің кооперативтерімен қаралған еркін серуен алаңдарында алып жүруге жол беріледі;
      3) иттердің иелері әрдайым иттің мойнында иттің лақап аты, түрі, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген нөмірлі жетон бекітілген қарғыбау тағуға міндетті. Иесінің қалауы бойынша нөмірлі жетонда итке қатысты басқа да мәлімет көрсетілуі мүмкін;
      4) көшелерден және магистральдардың жанынан өткен кезде иттердің иелері жол-көлік оқиғаларын және иттің өлуін болдырмау үшін оларды қысқа мойын жіпке алуға міндетті;
      5) серуендетіліп жүрген иттер немесе мысықтар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда тиісті дәрігерлік көмек шақыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті;
      6) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердің маңында серуендету кезінде 23.00. мен 07.00. сағат аралығында тыныштықтың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;
      7) иттер мен (немесе) мысықтармен қоғамдық орындар ластанған жағдайда нәжісті және олардың өзге де тіршілік әрекет ету өнімдерін дереу алып тастауға міндетті.
      9. Иттерді тұмылдырықтарда және қысқа мойын жіптерде, өздігінен шешіліп кетуін болдырмайтын, иелері ғимараттардың ішінде уақытша болған мерзімге, егер де иттер басқа тұлғаларға қауіп төнгізбейтін, қоғамдық тәріпті бұзбайтын, қозғалысқа және өзіне зиян келмейтіндей жағдайда байлаулы қалдыруға болады. Сонымен бірге иттер адамдардың және автокөліктердің өтуіне кедергі болмауы керек.
      10. Мыналарға:
      1) құтырма ауруына қарсы егілмеген және паразитарлық ауруларға (эхинококкоз және токсоплазмоз) тексерілмеген иттер мен мысықтарды серуендетуге;
      2) иттер мен мысықтарды рұқсат етілген немесе осы мақсаттарда арнайы бөлінген орындардан басқа, балалардың аулалық алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емделу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және тұрғындар жаппай демалатын өзге де орындарда, тыйым салатын белгілер орнатылған орындарда серуендетуге;
      3) иттермен және мысықтармен (көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамдарды жетелеуші иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, медициналық, мәдени, спорттық және жалпыға білім беру мекемелеріне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бірге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;
      4) жетектеп жүрген кәмелет жасындағы тұлғаларсыз 12 жастан кіші тұлғаларға, иттердің үш айға дейінгі күшіктерінен және иттердің декоративтік тұқымдарынан басқа, иттерді серуендетуге;
      5) алкогольдік, есірткі мас күйіндегі адамдарға иттерді серуендетуге;
      6) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, көпшілік шомылатын жерлерде, тоғандарда, бұрқақтарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға және жуындыруға;
      7) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өткізілетін жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, сондай-ақ көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамды жетелеуші иттерден басқа иттермен бірге болуға жол берілмейді.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      11. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады (бұдан әрі - Ұйымдар).
      12. Аулауға иелері ғимараттардың жанында байлауда қалдырып кеткен иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, шағын бақтарда және басқа да орындарда) иесіз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар жатады.
      13. Ауланған күннен кейінгі 3 күнтізбелік күн ішінде сұралмаған қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен жансыздандыруға жатады.
      14. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырларда) немесе инсинераторларда (крематорларда) жүзеге асырылады.
      15. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) тастауға және оларды мал қорымынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге жол берілмейді. Өлген жағдайда иттер мен мысықтардың өлекселері (қалдықтары) оларды жою үшін Ұйымдарға беріледі. Өлген иттер мен мысықтардың өлекселерін шығару тегін жүргізіледі.
      16. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері, адамгершілік қағидаттар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және өткізіледі.

Қорытынды ережелер

      17. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мер мысықтардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в Алматинской области

Решение маслихата Алматинской области от 27 марта 2015 года № 43-249. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 30 апреля 2015 года № 3154. Утратило силу решением Алматинского областного маслихата от 31 июля 2019 года № 51-257

      Сноска. Утратило силу решением Алматинского областного маслихата от 31.07.2019 № 51-257 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании предложения местных исполнительных органов районов и городов областного значения, Алматинский областной маслихат РЕШИЛ:
      Утвердить прилагаемые Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в Алматинской области.
      Осуществление контроля за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима области Бескемпирова Серикжана Ислямовича (по согласованию).
      Возложить на руководителя аппарата Алматинского областного маслихата Курманбаева Ерлана Бахытжановича опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет- ресурсе областного маслихата.
      Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      областного маслихата К.Донсебаев
      Секретарь областного маслихата Е.Келемсеит

  Утверждены решением Алматинского областного маслихата № 43-249 от "27" марта 2015 года

Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в Алматинской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в Алматинской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии".
      2. Настоящие Правила определяют порядок содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в Алматинской области.
      3. Данные Правила распространяются на всех владельцев собак и кошек, юридических и физических лиц независимо от форм собственности.
      4. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) владелец собак и кошек - физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении собак и кошек;
      2) собака – млекопитающее, семейства псовых;
      3) кошка - млекопитающее, семейства кошачьих;
      4) собака-поводырь – это обученная в ходе специальной подготовки собака, способная обеспечить корректное и безопасное передвижение человека имеющего инвалидность по зрению по определенным маршрутам;
      5) содержание собак и кошек - действия, совершаемые владельцами собак и кошек для полноценного поддержания жизнедеятельности собак и кошек, их физического здоровья, с учетом соблюдения ветеринарно-санитарных норм;
      6) бродячие собаки и кошки - незарегистрированные собаки и кошки, у которых невозможно установить владельца, отставшие либо убежавшие от владельца, которые находятся без надзора со стороны владельца или ответственного лица;
      7) общественные места - места, где находится значительное скопление людей или такое скопление людей возможно, в том числе скверы, парки и иные места отдыха граждан, пляжи, стадионы;
      8) выгул собак и кошек - пребывание собак и кошек вне помещения, а также на специально отведенных территориях.

Глава 2. Содержание собак и кошек

      5. Не допускается содержать собак и кошек в местах общего пользования многоквартирных жилых домов (в подъездах, на лестницах, на лестничных площадках, в лифтах, в подвалах, на чердаках, на крышах домов), а также на придомовой территории таких домов.
      6. На территориях индивидуальных жилых домов, частных построек, собак следует содержать на изолированной территории и (или) на привязи, в условиях исключающих побег собак, нападение на людей и животных. Если территория охраняется собакой, о наличии собаки на территории сообщается предупредительной табличкой при входе на территорию размером не менее 20 х 30 сантиметров с изображением собаки и надписью "Ит күзетеді! Охраняется собакой!".
      7. При содержании собак и кошек владельцы должны соблюдать следующие требования:
      1) зарегистрировать собак и кошек в государственных ветеринарных организациях созданных местными исполнительными органами районов, городов;
      2) не допускать самовольного выхода собак и кошек из мест их содержания;
      3) обеспечить поведение собак и кошек не допускающее причинение беспокойства и возникновение опасности для окружающих;
      4) не допускать шум со стороны собак и кошек в жилых домостроениях;
      5) не допускать загрязнения мест общего пользования многоквартирных жилых домов (подъездов, лестниц, лестничных площадок, лифтов, подвалов, чердаков, крыш домов), детских площадок, дорог, тротуаров, клумб, мест отдыха экскрементами и другими продуктами жизнедеятельности собак и кошек, а в случае загрязнения немедленно очистить место загрязнения;
      6) содержать собак и кошек в соответствии с зоотехническими, зоогигиеническими и ветеринарно-санитарными требованиями, обеспечить соблюдение требований общественной безопасности;
      7) содержать собак и кошек в соответствии с их биологическими потребностями, гуманно обращаться с ними, не оставлять без присмотра, предоставлять им необходимое количество пищи, питьевой воды, не допускать жестокого обращения;
      8) по требованию специалистов государственных ветеринарных организаций созданных местными исполнительными органами районов, городов беспрепятственно предоставлять собак и кошек для осмотра, диагностических исследований и лечебно-профилактических обработок;
      9) ежегодно, начиная с двух месячного возраста, доставлять собак и кошек в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами районов, городов для осмотра и профилактических прививок против бешенства и других инфекционных, паразитарных заболеваний;
      10) регулярно, не реже одного раза в квартал, проводить профилактическую обработку собак и кошек от кожных паразитов и гельминтов;
      11) во всех случаях заболевания либо при подозрении на заболевание собак и кошек немедленно обращаться в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами районов, городов, неукоснительно соблюдать рекомендации специалистов по результатам обследования;
      12) немедленно сообщать в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами районов, городов о случаях гибели собак, кошек по неизвестным причинам или наличии признаков заболевания бешенством и изолировать их до прибытия специалистов ветеринарных служб;
      13) немедленно сообщать в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами районов, городов и соответствующие учреждения здравоохранения о случаях укуса, ослюнения, оцарапывания собаками и кошками людей;
      14) немедленно представлять лицу получившему травму от собаки или кошки полные сведения о себе (фамилия, имя, отчество, адрес постоянного места проживания);
      15) при невозможности дальнейшего содержания собак и кошек передать их другому владельцу, зоозащитной организации или сообщить в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами районов, городов;
      16) в целях организации вывоза трупов собак и кошек немедленно сообщать в государственные ветеринарные организации созданные местными исполнительными органами районов, городов и обеспечить снятие их с учета.

3. Выгул собак и кошек

      8. При выгуле собак владельцы должны соблюдать следующие требования:
      1) выводить собак из мест содержания и выгуливать их разрешается в наморднике и на коротком (до 1,5 метров) поводке не создавая беспокойства и помех окружающим. Щенков собак в возрасте до трех месяцев и собак декоративных пород, анатомические особенности которых не позволяют надеть намордник, можно выгуливаться без намордников, при условии обеспечения безопасности окружающих людей и животных;
      2) выгул собак без поводка и намордника допускается лишь на огороженных территориях, дрессировочных площадках и предусмотренных местными исполнительными органами, кооперативами собственников квартир местах свободного выгула;
      3) владельцы собак должны постоянно иметь на шее собаки ошейник с закрепленным на нем номерным жетоном с указанием клички собаки, ее породы, адресом и телефонами владельца. На номерном жетоне по желанию владельца может быть указана и иная информация, касающаяся собаки;
      4) при переходе через улицы и в близи магистралей владельцы собак должны брать их на короткий поводок во избежание дорожно-транспортных происшествий и гибели собак;
      5) в случае нанесения выгуливаемыми собаками или кошками укусов человеку или оцарапывания должны принять меры по вызову соответствующей врачебной помощи;
      6) при выгуле собак и кошек около жилых домов должны обеспечить тишину в период с 23.00. до 07.00 часов;
      7) в случае загрязнения общественных мест собаками и (или) кошками, должны незамедлительно убрать экскременты и иные продукты их жизнедеятельности.
      9. Собак можно оставлять на привязи в намордниках и на коротких поводках, исключающих произвольное развязывание, около зданий на время, в течение которого владельцы животных находятся в зданиях, если при этом нет угрозы для других лиц, нарушения общественного порядка, движению и здоровью собаки. При этом собаки не должны препятствовать проходу людей и проезду автотранспорта.
      10. Не допускается:
      1) выгуливать собак и кошек не прошедших вакцинацию от бешенства и исследования на паразитарные заболевания (эхинококкоз и токсоплазмоз);
      2) выгуливать собак и кошек на детских дворовых площадках, спортивных площадках, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений, парках и в других местах массового отдыха граждан, в местах, где установлены запрещающие знаки, за исключением мест, разрешенных или специально отведенных для этих целей;
      3) посещать с собаками и кошками (кроме собак-поводырей сопровождающих людей имеющих инвалидность по зрению) магазины, организации общественного питания, медицинские, культурные, спортивные и общеобразовательные учреждения (кроме посещения специально организованных мероприятий, либо посещения специализированных, учреждений (организаций) для посещения с собаками, кошками);
      4) выгуливать собак, кроме щенков собак в возрасте до трех месяцев и декоративных пород собак, лицам младше 12 лет без сопровождения совершеннолетних лиц;
      5) выгуливать собак лицам, находящимся в состоянии алкогольного, наркотического опьянения;
      6) выгуливать собак и кошек на пляжах, купать и мыть их в общественных местах купания, в прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах;
      7) находиться с собаками и кошками в местах скопления народа и на общественных мероприятиях, за исключением служебных собак, выполняющих работу по спасению людей, а также по борьбе с преступностью и охране общественного порядка и собак-поводырей для людей имеющих инвалидность по зрению.

4. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек

      11. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек осуществляют государственные ветеринарные организации, созданные в соответствии с пунктом 4 статьи 11 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" от 10 июля 2002 года (далее - Организации).
      12. Отлову подлежат бродячие собаки и кошки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках, скверах) без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи у зданий.
      13. Не востребованные в течение 3 календарных дней со дня отлова собаки и кошки подлежат умерщвлению медикаментозным путем, препаратами, не запрещенными законодательством Республики Казахстан.
      14. Уничтожение трупов собак и кошек осуществляется на скотомогильниках (биотермических ямах) или в инсинераторах (крематорах).
      15. Не допускается выбрасывание трупов (останков) собак и кошек и их несанкционированное захоронение вне скотомогильников. В случае падежа трупы (останки) собак и кошек передаются в Организации для утилизации. Вывоз трупов павших собак и кошек проводится бесплатно.
      16. Отлов бродячих собак и кошек организуется и проводится, с соблюдением прав и законных интересов лиц, проживающих на соответствующей территории, с соблюдением принципов гуманности, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

5. Заключительные положения

      17. За нарушение настоящих Правил владельцы собак и кошек несут ответственность в соответствии со статьей 408 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".