"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қағидаларының 8-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
Алматы облысы бойынша 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес;
2015 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е. Шинтуринов) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
3. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі "2014 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы" № 277 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 12 тамызда № 2806 тіркелген және 2014 жылғы 14 тамыздағы "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінің № 94 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы | |
облысының әкімі | А. Баталов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "25" мамыр "2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" № 228 қаулысына 1-қосымша |
Алматы облысы бойынша 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "25" мамыр "2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" № 228 қаулысына 2 - қосымша |