2014 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 277 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 12 тамызда № 2806 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 мамырдағы № 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 25.05.2015 № 228 қаулысымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
      23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларының 8-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      Алматы облысы бойынша 2014 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдардың тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
      2014 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар нормалары осы қаулыға 2- қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Көшкімбаев) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
      3. Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 мамырдағы "2013 жылғы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы кейбір мәселелер жөнінде" № 122 (2013 жылдың 15 мамырдағы № 2357 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген және 2013 жылдың 23 мамырдағы "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінің № 62 сандарында жарияланған) және 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "2013 жылғы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы кейбір мәселелер жөнінде" облыс әкімдігінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 122 қаулысына өзгерту енгізу туралы" № 374 (2013 жылдың 20 желтоқсандағы № 2526 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген және 2013 жылдың 26 желтоқсандағы "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінің № 143 сандарында жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Досымбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы облысының әкімі А. Мұсаханов
      КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

  Облыс әкімдігінің 2014 жылғы "30" 07
"2014 жылға арналған басым дақылдар
өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен
сапасын арттыруды субсидиялау туралы"
№ 277 қаулысына 1-қосымша

Алматы облысы бойынша 2014 жылға арналған басым ауылшаруашылық
дақылдардың тізбесі

№ р/с
Ауылшаруашылық басым дақылдардың атауы
1
Күздік бидай
2
Арпа
3
Дәндік жүгері
4
Күріш
5
Майлы дақылдар
6
Қант қызылшасы
7
Картоп
8
Көкөніс және бақша
9
Жабық топырақтағы көкөністер
10
Жемшөптік дақылдар
11
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы
12
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер бойынша (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)
13
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

  Облыс әкімдігінің 2014 жылғы "30" 07
"2014 жылға арналған басым дақылдар
өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен
сапасын арттыруды субсидиялау туралы"
№ 277 қаулысына 2-қосымша

2014 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы
жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға
субсидиялар нормалары


р/с
Ауыл шаруашылық басым дақылдардың атауы
1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялар нормалары, теңге
1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы,теңге
1
Күздік бидай
1200
 
2
Арпа
2400
 
3
Дәндік жүгері
30000
 
4
Күріш
26000
 
5
Майлы дақылдар, соның ішінде:
 
 
5.1
күнбағыс
4500
 
5.2
майбұршақ
8000
 
5.3
мақсары
4500
 
6
Қант қызылшасы
30000
1500
7
Картоп
17000
 
8
Картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)
34000
 
9
Көкөніс-бақша
15000
 
10
Көкөніс-бақша (өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)
30000
 
11
Жемшөптік дақылдар
6500
 
12
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы
6500
 
13
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер бойынша (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)
6500
 
14
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
6500
 
15
Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
3000000
 
16
Фермерлік жылыжайда өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
2700000
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады