Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 49-3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 17 маусымда № 3231 болып тіркелді. . Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 тамыздағы № 74-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 13.08.2020 № 74-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алакөл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
      2. "Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қосантаева Ләззәт Сейітәшімовнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының "Әлеуметтік даму және депутаттық өкілеттілік жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Байбазаров С. М.
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Сейрбаев Б. Т.

Об установлении единовременной денежной компенсации на покрытие расходов за коммунальные услуги и на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности

Решение Алакольского районного маслихата Алматинской области от 27 мая 2015 года № 49-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 17 июня 2015 года № 3231. Утратило силу решением Алакольского районного маслихата Алматинской области от 13 августа 2020 года № 74-2

      Сноска. Утратило силу решением Алакольского районного маслихата Алматинской области от 13.08.2020 № 74-2 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
     
      В соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 53 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", Алакольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить за счет бюджетных средств единовременную денежную компенсацию в размере пяти месячных расчетных показателей на покрытие расходов за коммунальные услуги и на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности Алакольского района.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Алакольского района" Косантаеву Ляззат Сейташимовну опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Алакольского районного маслихата "По вопросам социального развития и депутатского полномочия".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии районного
      Маслихата Байбазаров С. М.
      Секретарь районного маслихата Сейрбаев Б. Т.