Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 13.08.2020 № 74-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:1. Алакөл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2. "Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қосантаева Ләззәт Сейітәшімовнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының "Әлеуметтік даму және депутаттық өкілеттілік жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Байбазаров С. М. |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Сейрбаев Б. Т. |