"Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 қыркүйектегі № 46-4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 08 қазанда № 3471 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 9-16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 08.12.2016 № 9-16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 65-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Қ. Әбілбековке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қ. Әбілбековке жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Килибаев
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Е. Қалиев

  Қарасай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 қыркүйектегі № 46-4 шешімімен бекітілген қосымша

"Қарасай аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қарасай аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекеме хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040900, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Абылай хан көшесі, № 213.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудандық мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
      15. Міндеттері:
      1) аудандық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
      2) аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөніндегі мәліметтерін, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерін, сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін дайындау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) аудандық мәслихаттың депутаттарына ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
      2) аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу;
      3) тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдердің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
      4) нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеу және ұсыну;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік - әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету;
      2) аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
      19. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      20. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
       9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
      "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат хатшысы басқарады.

4. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      23. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Карасайcкого районного маслихата"

Решение Карасайского районного маслихата Алматинской области от 07 сентября 2015 года № 46-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 08 октября 2015 года № 3471. Утратило силу решением Карасайского районного маслихата Алматинской области от 8 декабря 2016 года № 9-16

      Сноска. Утратило силу решением Карасайского районного маслихата Алматинской области от 08.12.2016 № 9-16 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" и с пунктом 65 Указа Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата", Карасайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" согласно приложению.
      2. Возложить на руководителя аппарата Карасайского районного маслихата К. Абильбекова опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и переодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет-ресурсе районного маслихата
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата районного маслихата К. Абильбекова.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
      районного маслихата С. Килибаев
      Секретарь
      районного маслихата Е. Калиев

  Приложение утвержденное решением Карасайского районного маслихата от 07 сентября 2015 года № 46-4

Положение о государственном учреждении
"Аппарат Карасайского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере обеспечения деятельности Карасайского районного маслихата, его органов и депутатов.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного
      учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 040900, Республика Казахстан, Алматинская область, Карасайский район, город Каскелен, улица Абылай хана, № 213.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат Карасайского районного маслихата" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата".
      Если государственному учреждению "Аппарат Карасайского районного маслихата" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата"

      14. Миссия государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата": информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности районного маслихата и его органов, оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий.
      15. Задачи:
      1) обеспечение соответствия принимаемых решений районным маслихатом с действующим законодательством;
      2) подготовка для публикации в средствах массовой информации данных о деятельности районного маслихата и его органов, нормативных правовых актов, принятых районным маслихатом, материалов сессии и осуществление контроля за их исполнением.
      16. Функции:
      1) оказание организационных, документационных, правовых, информационно-аналитических услуг депутатам районного маслихата;
      2) проведение мониторинга нормативных правовых актов, принятых районным маслихатом;
      3) участие на заседаниях постоянных и временных комиссий, оказание помощи депутатам в вопросах подготовки проектов решений, заключений комиссий и решений маслихата;
      4) оформление и представление на государственную регистрацию в органы юстиции решений маслихата нормативно-правового характера.
      5) осуществление иных функций в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) оказывать консультативно-методическую, информационную, организационно-техническую и иную помощь должностным лицам и государственным органам по вопросам, входящим в компетенцию районного маслихата;
      2) обеспечивать протоколирование сессий районного маслихата и заседаний постоянных и временных комиссий;
      3) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения
"Аппарат Карасайского районного маслихата"

      18. Руководство государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" осуществляется секретарем маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" задач и осуществление им своих функций.
      19. Секретарь маслихата государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.
      20. Секретарь маслихата государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" не имеет заместителей.
      21. Полномочия секретаря маслихата государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата":
      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;
      5) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;
      6) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      7) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму;      
      8) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;
      9) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      10) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;
      11) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;
      12) выполняет по решению маслихата иные функции.
      Исполнение полномочий секретаря маслихата государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Аппарат государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" возглавляется секретарем маслихата, избираемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного учреждения
"Аппарат Карасайского районного маслихата"

      23. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Карасайского районного маслихата" относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Аппарат Карасайского районного маслихата" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения
"Аппарат Карасайского районного маслихата"

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Карасайского районного маслихата" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.