1. Қарасай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 7 қыркүйектегі "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 46-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 8 қазанында № 3471 тіркелген, "Заман жаршысы" газетінде 2015 жылдың 16 қазанында № 43 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарасай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Рымбаева Баян Садырбаевнаға осы шешімді әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы К. Абильбековке жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен | |
тыс 9-шы сессиясының төрағасы | Б. Айнабеков |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Е. Қалиев |